«Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығы (2023.26.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығы

(2023.26.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 117-1-бабы 3-тармағы және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Қаржы министрі

 

 

Е. Жамаубаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігінің

Ұлттық статистика бюросы

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Қаржы министрінің

2022 жылғы 31 наурыздағы

№ 344 бұйрығына

1 қосымша

 

 

Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.